Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті, онда мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер талқыланды, құқық қолдану тәжірибесі бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттарына және мемлекеттік қызметке кіру және босату рәсімдерін жеңілдету, ротациялау, тиімділікті бағалау, мансаптық өсу, кадрлық процестерді цифрландыру және өтініш берушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге қатысты шараларға басты назар аударылды.
Кездесуге қатысушыларға қызметте электронды жылжыту жүйесі көрсетілді (eqyzmet.gov.kz сыртқы порталы арқылы).
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk