Әділет кеңесшісі Николай Васильевич Гирманға – 90 жас

Әділет кеңесшісі Николай Васильевич Гирманға – 90 жас

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылығы мен жеке құрамы прокуратура ардагері, әділет кеңесшісі Гирман Николай Васильевичті мерейтойымен құттықтайды.

Сіздің көп жылғы адал еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз және таңдаған ісіңізге адалдығыңыз заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосты.

Сіздің өміріңіз бен қызмет жолыңыз прокурорлардың қазіргі ұрпағы үшін лайықты үлгі болып табылады.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ өмір тілейміз.