Прокуратура органдары пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлихан аудандары мен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланбаған.
Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Кодекс талаптарына қайшы түрде үш жыл бойы коммерциялық мақсатқа арналған, жалпы ауданы 123 гектар болатын жер учаскесін пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды, кадастрлық құны 29,8 млрд теңгені құрайтын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал ниетті жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk