Қайтарылған активтер есебінен Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау желілерін салу

Қайтарылған активтер есебінен Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау желілерін салу

          Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен іске асырылатын әлеуметтік жобалар Бас Прокурордың жеке бақылауында.

          2025 жылғы 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 30 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау желілерінің құрылысын тексерді.

          Қаржыландыру прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылады.

          Іске асырылып жатқан жобалардың арқасында 11 мыңнан астам азамат сапалы ауыз суға қол жеткізе алады. Бұл санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттырады және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына жағдай жасайды.

          Қазіргі уақытта су құбыры желілері салынуда. Құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

          Мердігерлік ұйымдарға жұмыстарды мерзімде орындау және сапасын қатаң сақтау туралы ескертілді.

          Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 33 жоба іске асырылуда-бұл өңірді дамытудың және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың пәрменді тетігі болып табылады.

          Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.