Бүгін ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде заңгерлердің кезекті бітіру кеші өтті.
Салтанатты жағдайда түлектерді облыс прокурорының атынан және Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Аппараты басшысының міндетін атқарушы аға әділет кеңесшісі Шолпан Ыбырайқызы Әбдірахманова өз атынан университет бітірулерімен және жоғары білімді заңгер дипломын алуларымен құттықтады.
Ол бұл құжаттың артында жылдар бойы қажырлы еңбек, ұйқысыз түндер, еңсерілген қиындықтар және білімге деген ұмтылыс жатқанын атап өтті.
Ол түлектердің қиын, бірақ адал жол-Заңға қызмет етуді таңдағандарын қосты.
Заңгер - әділдік үшін, азаматтардың құқықтары үшін, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту үшін жауапты мамандық.
Осы туралы айта келе, ол түлектерді прокуратураға қызметке шақырды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы - республикамыздың аумағында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын мемлекет атынан қадағалайтын бірден-бір орган.
Сондықтан мемлекетіміздің басты заңы мен тәртібін ұстануға берілген адал да әділ ұлдар мен қыздар прокуратурада қызмет атқаруы керек.
Қорытындылай келе, Ш.Ы.Әбдірахманова әркімге өз жолымен жүруді, табысқа жетуді тіледі!
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы