Сумен жабдықтау саласында заңдылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы Баспасөз ақпараты

Сумен жабдықтау саласында заңдылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы Баспасөз ақпараты

2025 жылғы 4 шілдеде облыстық қадағалау органында облыс прокурорының бірінші орынбасары А.А. Саттардың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті, онда сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жіберілетін, оның ішінде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өткізілетін бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықты сақтау мәселелері қаралды.

         Кеңеске Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, "Есіл су" ШЖҚ РМК филиалы директорының орынбасарлары, мердігер ұйымдардың басшылары, сондай-ақ аудандық прокурорлар қатысты.

         Өңірде жалпы қаржыландыру сомасы 42 млрд теңгені құрайтын Преснов, Соколов, Есіл және Булаев топтық су құбырларын салу және реконструкциялау, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары қатысушылардың назарын бюджеттік тәртіпті қатаң сақтау және жобаларды уақтылы аяқтау қажеттігіне аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен Су шаруашылығы комитетіне сумен жабдықтау сапасын арттыруға және қаржы қаражатын игеру кезінде бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

 Аудандық прокурорларға бюджет қаражатының жұмсалуына (оның ішінде арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың), сондай-ақ объектілерде құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне уақтылы қадағалауды жүзеге асыру тапсырылды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы