«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде «Бірлескен қабылдау» атты ведомствоаралық акция ұйымдастырылды.
Шара «бір терезе» қағидаты бойынша өтті, бұл сотталғандарға түрлі мәселелер бойынша білікті кеңес пен нақты көмек алуға мүмкіндік берді — тікелей мекеменің ішінде, артық бюрократиясыз.
Акцияға прокуратура қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың — денсаулық сақтау басқармасының, адвокаттар мен нотариустар палатасының, сот орындаушылар қызметінің мамандары және медиаторлар қатысты.
Іс-шара барысында:
— адвокаттар 68 сотталғанға кеңес берді;
— сот орындаушылар — 39 адамға;
— нотариус — 11 адамға;
— медиаторлар — 25 адамға;
— медициналық көмек пен түсіндіру жұмыстары — 55 адамға көрсетілді;
— прокурорлар 105 жазбаша және ауызша өтініш қабылдады.
Атап айтқанда, медиаторлар 7 медиативтік келісім жасады, 2 сотталғанға медициналық препараттар берілді, 2 адам амбулаториялық тексеруге жолданды, 8 сотталған мамандандырылған дәрігерлерге жазылды.
Басты мақсат — құқықтық түсіндірумен қатар, өмірлік маңызы бар мәселелерді нақты шешуге көмектесу. Бұл — қоғам мен мемлекеттің арасындағы сенімді нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ашық диалог орнатуға бағытталған маңызды қадам.
Сотталғандардың құқықтарын қорғау және мекемелердегі заңдылықты қамтамасыз ету жұмысы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk