2025 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында бастау берген «Заң мен тәртіп» акциясы аясында облыс прокуратурасы облыс әкімдігінің, аудан және Петропавл қаласы әкімдіктерінің, облыстың Полиция департаментінің және облыстың жеке сот орындаушылар палатасының қатысуымен бір апталық «Тәртіп батырлары күні» ауқымды акциясын өткізді,
Акцияның мақсаты - заңдарды түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, прокуратураның адам құқықтары жөніндегі рөлін жүзеге асыру.
Іс-шара аясында облыс прокуратурасының ғимаратында және аудандар мен Петропавл қаласының қоғамдық орындарында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні «Ашық күн» форматында жеке қабылдау өтті.
Акция аясында қылмыстық, азаматтық істер бойынша, тұрғын үй, еңбек, жер, зейнетақы заңнамасы саласында, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құрылыс, жолдардың сапасы, сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылданды, оларға 120 астам сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.