Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері Бас Прокурордың жеке бақылауында.
2025 жылғы 4 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар әкімдік өкілдерімен бірлесіп Петропавл қаласында балабақша құрылысын тексерді.
Объект прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен салынады. Жобаның жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайды.
Балабақша 280 орынға есептелген, бұл кезектілікті қысқартады және балаларды оқыту мен дамыту үшін заманауи жағдайлар жасайды.
Бүгінгі таңда жұмыстар 40 пайызға аяқталды. Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы қайтарылған активтер есебінен 33 жоба іске асырылуда.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы - бұл өңірдің дамуына және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қосқан үлесі.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk