«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы облыстық соттың қолдауымен әкімшілік бұзушылықтар туралы істер бойынша көрсетілім процестерін өткізуді ұйымдастырды.
Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және әкімшілік іс жүргізудегі «жариялылық пен заңдылық» қағидаттарын көрсетуге бағытталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар жазаға тартылатындықтарын,оның ішінде қамауға алынатындықтарын көрсететін көрнекі процестер іс жүзінде ұсақ бұзушылықтар үшін де «жазаның бұлтартпайтындығы» қағидасын көрсетеді.
Мәселен, Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 02.06.2025 жылы Петропавл қаласының тұрғындарына қатысты 31.05.2025 жылы мас күйінде, оның ішінде жүргізуші куәлігі болмаған кезде көлікті басқару фактілері бойынша істерді қарады (ӘҚБтК 1 және 6-бөлігінің 608-бабы).
Кінәлілер 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 15 және 20 тәулікке қамауға алынды.
Осыған ұқсас көрсетілім процесі 25.04.2025 жылы Қызылжар аудандық сотында алимент төлеуден жалтарған борышкерге қатысты өткізілді, соңғысына 2 тәулікке қамау тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 5 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4220 (4109) іс қаралды, олар бойынша 2 257 (1766) адам қамауға алынды және 1 794 (2148) адам жалпы сомасы 314 млн теңгеге айыппұл салынды, ал 169 (167) құқық бұзушыға қатысты ескерту шығарылды.
Құқық бұзушылық санатындағы соттада жиі қаралатын істерге ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу және көлік жүргізу, сот актілерін орындамау, қорғау ұйғарымдарының талаптарын бұзу және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жатады.
Өткізілген іс-шара қатысқан студенттер тарапынан оң бағасын алды.
Мұндай процестер тұрақты, апта сайын жүргізілетін болады.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/998836?lang=kk