Облыс прокуратурасында өткен кеңесте «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары қаралды.

Облыс прокуратурасында өткен кеңесте «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары қаралды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында Қоғамда 2025-2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын жылжыту бойынша тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттер жоспарын орындау сұрақтары бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Отырыстың негізгі мақсаты Үкімет қаулысымен бекітілген жоспардың өңірдегі 20-дан астам мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырып жатқан 55 іс-шараны жүзеге асырудың аралық нәтижелерін қорытындылау.

Облыс прокурорының міндетін атқарушы Абу-Али Саттар Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша орындарда Жоспарды жүзеге асыруды үйлестіру прокуратура органдарына жүктелгенін атап өтті. Осыған байланысты ведомствоаралық өзара әрекеттесу сапасын арттыру және қызметті барлық деңгейде жандандыру қажеттілігі белгіленді.

Отырыс барысында облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, құқық қорғау блогының және басқа да жауапты орындаушылардың есептері тыңдалды.

Жекелеген мемлекеттік органдарға іс-әрекет Жоспарын тиісті орындамағандықтары үшін ескерту жасалды.

Отырыс қорытындысы бойынша күшейтілген бақылауды талап ететін нақты шаралар, оларды орындау мерзімдері және күтілетін қорытындылар анықталды

#Заң_мен_Тәртіп