А.ж. 22 мамырында облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде құқық қорғау және уәкілетті органдар қабылдаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігі мен толықтығы мәселесі қаралды.
Отырыста өңірдегі жағдайдың тұрақтылығы, сонымен бірге профилактика мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді талап ететін жүйелі проблемалардың орын алғандығы атап өтілді.
Мысалы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық мінез-құлқының алғышарттары әлі де бар.
Тек 1,5 жыл ішінде 7 жасөспірім- есірткі жасырып қоюшы анықталды.
Интернет-алаяқтыққа назар аударылды, күн сайын 3 қылмыс тіркелуде.
Ағымдағы жылы тәркіленген есірткі құралдарының көлемінің төмендеуі тіркелді, жеткізу арналарын, салып қоюшылар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау бойынша жұмысты күшейту талап етіледі.
Жол-көлік оқиғаларының өсуі жалғасуда, адамдардың алған жарақаттары өлімге дейін апарады.
Орталық көшелер қосымша бағдаршамдарды, тұрақ орындарын, жол жарығын кеңейтуді және орнатуды қажет етеді.
Пробация қызметінің жұмысындағы өзекті мәселелер: рецидивтің алдын алу, жұмыссыздықтың төмендеуі болып қала береді.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, есепте тұрған адамдар құқық бұзушылықтар жасауды жалғастыруда.
Талқылау қорытындысы бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдарға жүйелі профилактикаға көшу, жауапкершілікті дербестендіру және ведомстволық бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk