Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласында ведомствоаралық кеңес өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласында ведомствоаралық кеңес өткізді

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде облыс прокуратурасы 2025 жылғы 23 мамырда уәкілетті және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен сот актілерін және өзге де атқарушылық құжаттарды орындау жағдайы бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Алимент, жалақы және мемлекет кірісі бойынша берешекті өндіріп алудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда алимент бойынша берешек 260,1 млн. теңгені құрайды.

Қадағалау органы жыл басынан бері алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 43 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы) қозғалды, олар бойынша соттар оларға қатысты тыйым салулар мен айыппұлдар салды.

Облыс бойынша сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шараларымен тағы 25 алимент бойынша борышкер әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, 9 проблемалық борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 90 млн теңге өндіріп алынды.

Кеңесте облыстық Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшыларының, Полиция департаменті анықтау және жергілікті полиция қызметі басқармалары бастықтарының есептері тыңдалды.

Уәкілетті органдарға осы санаттағы атқарушылық өндірістерді тиісінше орындау жөніндегі жұмысты жандандыруға бағытталған ұсынымдар берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс қадағалау органының тұрақты бақылауында.       

#ЗАҢменТӘРТІП