СҚО-да қайтарылған активтер есебінен 33 әлеуметтік жоба іске асырылуда

СҚО-да қайтарылған активтер есебінен 33 әлеуметтік жоба іске асырылуда

Бас прокуратура Үкіметпен бірлесіп Қазақстан халқының игілігі үшін активтерді қайтару бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда қайтарылған қаражат есебінен бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, cпорт және коммуналдық шаруашылық салаларында бірқатар әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Бұл жобалардың әрқайсысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қадам болып табылады.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында осындай жарқын мысалдардың бірі — Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында заманауи балабақша салынуда.

Бұл нысан 280 балаға есігін ашып, оларды ерте даму мен сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру қадағалау органының бақылауында.

Орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында прокуратура қызметкерлері онлайн режимде құрылыс жұмыстарының барысын бақылайды және кез келген заң бұзушылықтарға жедел ден қояды.

Мұндай цифрлық тәсіл оң нәтиже берді - мердігерлік ұйымның жауапкершілігі мен тәртібі артты.

Бұдан басқа, Үкімет Солтүстік Қазақстан облысы үшін ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салуға және реконструкциялауға бағытталған қосымша 32 жобаны мақұлдады.

Осы жобаларды іске асыру мыңдаған ауыл тұрғындарын халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін ресурс – таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.

#Заң_мен_Тәртіп

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:  https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk