Уәлиханов ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, жергілікті атқарушы органмен және аудандық полиция органдарымен бірлесе отырып «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жамбыл және Шағырсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі қадам жасалды - тұрғындар алкогольді тұтынудан және сатудан толығымен бас тартты.
Екі ауылдағы жиындарда барлық қатысушылар салауатты өмір салтына көшу туралы бастаманы бірауыздан қолдады. Жергілікті дүкендер өз кезегінде ауыл тұрғындарының шешіміне жауап берді — кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін ассортименттен өз еркімен алып тастап, оны әкелуді тоқтатты.
Бұл қадам прокуратура органдарының, жергілікті билік органдарының және белсенді тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болды, бұл жергілікті қоғамдастықтың құқықтық тәртіпті нығайтуға және өмір сапасын жақсартуға қосқан үлесін көрсетті.
#ЗАҢменТӘРТІП
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk