Абай ауданының прокуратурасы рейдтік іс-шарасын ұйымдастырды

Абай ауданының прокуратурасы рейдтік іс-шарасын ұйымдастырды

Абай ауданының прокуратурасы аудындық полиция басқармасымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2 бөлігінің құқық бұзушылықтар – яғни, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе тіркеу тәртібі бұзылып басқарылған көлік құралдары, сондай-ақ жүргізу құқығы жоқ тұлғалардың мопедтерді басқаруы анықталды.

Рейд нәтижесінде осындай талаптарды бұзған 8 мопед айыптұраққа қойылды.

Абай ауданының прокуратурасы тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралдарын заңнамаға сәйкес тіркеуге және тек жүргізу куәлігі бар тұлғаларға ғана басқаруға рұқсат етуге шақырады.