Балалардың қауіпсіздігі – қоғам жауапкершілігі!

Балалардың қауіпсіздігі – қоғам жауапкершілігі!

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласының прокуратурасы  Полиция департаментімен бірлескен іс-шаралар жүргізуде. 

Ата-анасының қадағалауынсыз жүретін, яғни түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүретін жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар атқарылда.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз ойын-сауық орталықтарында жүрген 198 жасөспірім және сағат 23:00-ден кейін 3 764 жасөспірім анықталып, ата-аналарына табысталды.

Қадағалаусыз жүрген 316 жасөспірім «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды.

Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында кездесулер өткізіп, оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды жауапкершіліктері мен жол жүру ережелері түсіндірілуде.

Осыған байланнысты кәмелетке толмаған балаларды түнгі уақытта жалғыз жүруіне жол бермей, бала тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігі сұралады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы.