Абай ауданының прокуратурасы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану орындарында қыздырылатын темекі өнімдерін және темекі қыздыруға арналған жүйелерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 6 мейрамханада темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу туралы заң талаптарының бұзылғаны анықталып, 20 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 3 мейрамханада 12 кәмелетке толмаған тұлға анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Абай ауданының прокуратурасы бұл бағыттағы бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын болады.