Алимент төлемеген үшін борышкерлердің жауаптылығы.

Алимент төлемеген үшін борышкерлердің жауаптылығы.

Қазақстанда алимент кәмелетке толмаған балаларға қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған отбасы құқығының маңызды бөлігі болып табылады.

2025 жылдың өткен кезеңінде Тұран ауданы прокуратурасының қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушылармен 70 миллион теңгеден астам қарыз берешегін өндіруге бағатталған шаралар қабылданды, алимент төлемеген 8 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасы балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 7 қылмыстық істі тіркеуге бастамашы болды.

Мысалы, «Р.» борышкер 2023 жылдан бастап алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан алимент төлеуден жалтарғаны үшін ағымдағы жылдың сәуір айында соттың үкімімен 1,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Тұран аудандық прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 669-бабының 1-бөлігімен бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен  алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді. 

Шымкент қаласының прокуратурасы шомылу маусымының қарсаңында қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Ағымдағы жылы республика бойынша су айдындарында 30 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде жасөспірім балаларда бар.

Осыған байланысты негізгі қауіпсіздік ережелерін білу маңызды:

- рұқсат етілмеген орындарда суға шомылмаңыз;

- шомылуға тек белгіленген, рұқсат етілген, қауіпсіздік талаптарына сай орындарды пайдаланыңыз;

- балаларды үлкендердің қарауынсыз суға жібермеңіз;

- құтқару құралдарын пайдалануды ұмытпаңыз;

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдармен рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде (жыл басынан бастап 98 рейд жүргізілген).

Айта кетсек, су пайдалану және қауiпсiздiк қағидаларын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 364, 412-баптарымен әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!

Шымкент қаласының прокуратурасы.