«Алаяқтықтан сақ бол!»

«Алаяқтықтан сақ бол!»

Ғаламтор, әлеуметтік желі алаяқтардың оңай олжаға кенелер ортасына айналғандай, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыру тым жеңіл болып кеткендей.
А.ж. 3 айында Тұран ауданы бойынша алаяқтық санатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы 119 дерегі орын алса, оның ішінде 51-і интернет алаяқтық.
Бұл дегеніміз аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзуышлықтардың 34%-ы алаяқтықты құрайды.
Алаяқтартарды осы қылмысқа итермелейтін жағдай -ол оңай ақша табу жолы деп біледі және көбіне олар өз дегендеріне жетіп, сенгіш адамдарды пайдаланады. Алғашқыда бір-екі рет «жолы болып», өтірік уәде беріп, өзге біреулердің ақ-адал қаржысын иемденіп кетеді.
Дегенмен қылмыстың өтеуі жаза демекші, түбінде жасаған қылмыстары әшкере етіліп, заңдылықпен жазаланады.
​Атап айтқанда, а.ж. 3 айында Тұран ауданы полиция басқармасымен алаяқтық санатында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген 41 қылмыстық іс бойынша тиісті сот актілері қабылданған.
​Бүгінгі күн «Қазаннан қақпақ кетсе, адамнан ұят кетеді» деген заман. Нарық билеген қоғамда адамдар ақша табу үшін неше түрлі айла-амалдарға баруда, оның ішінде алдап, арбау арқылы ақша табатындардың жолы болып тұр.
​Бұл ретте Тұран  аудандық прокуратурасы алаяқтықтан сақтану үшін келесідей кеңестерді ұсынады:
- Банк картаңыздың деректерін, картаның сыртқы жағындағы 3 санды СVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз;
- Туындаған сұрақтар бойынша ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік органдарға, екінші деңгейдегі банктер мен заңды тұлғалардың ресми өкілдеріне жүгінуге тырысыңыз.
- Жеке куәлік және дербес деректерді қамтитын құжаттарыңызды ешкімге жібермеңіз;
- Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда дереу құқық қорғау органы қызметіне жүгініңіз;

Тұран ауданының прокуратурасы