Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға арнайы лекциялар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға мәдениет және спорт саласының танымал өкілдері қатысып, жасөспірімдерге құқықтық тәртіптің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, олар оқушыларға бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу жолдарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Лекция барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың және заңға бағынудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Бұл бастама жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.