14.04.2025 жылы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мен аудандық пробация қызметі арасында сотталғандарды «Кибер Бақылау 2ГИС» жүйесі арқылы қадағалау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісімнің негізгі мақсаты – пробация бақылауындағы тұлғалардың құқық бұзушылықтарының алдын алу, цифрлық технологияларды қолдану арқылы бақылау сапасын арттыру және қылмыстың қайталануын болдырмау.
Жаңа жүйе GPS-навигация технологиясына негізделген және пробация қызметкерлеріне сотталғандардың қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.