9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Шымкент қаласы прокуратурасының ұжымы мен прокуратура ардагерлері Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың рухына тағзым ету, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері бір минут үнсіздікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына құрмет білдірді.
Бұл шара ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін жанын қиған жауынгерлерге деген құрметтің жарқын көрінісі.