Кәсіпкерлік палатасы прокуратурамен бірлесіп Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мәжілісін өткізді.
Бұл мәжілісте жеке сот орындаушылармен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу мәселелері талқыланып, олар бойынша шоғырландырылған шешімдер әзірленді.
Қала прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарын атап өтті.
Өткен кезеңде прокурорлар 2 105 кәсіпкердің құқығын қорғап, 5 әкімшілік кедергіні жойды, 12 тұлға тәртіптік, 2 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бизнес субъектілердің құқықтарын қорғау мәселесі қала прокуратурасының ерекше бақылауында.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады.
Шымкент қаласының прокуратурасы