Шымкентте органдар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында күш біріктірді

Шымкентте органдар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында күш біріктірді

       Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.
       Онда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық үстемдігін нығайту және тұжырымдама аясында атқарылып жатқан іс-шараларды кеңінен жариялау мәселелері талқыланды.
       Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында атап өткендей, «Заң мен тәртіпті мүлтіксіз сақтау - Әділ Қазақстанның басты қағидасы және оған тек бірлікте қол жеткізуге болады».
       Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау қажеттігіне айрықша назар аударды.
       Мәжіліс қорытындысымен уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы