Республикалық спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

Республикалық спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

       Шымкент қаласында прокуратура органдары қызметкерлерінің арасындағы республикалық спартакиада өз мәресіне жетті.
       Бұл спорттық бәсеке еліміздің барлық өңірлерінен жиналған прокурорлар үшін бірлік пен ерік-жігерді сынайтын маңызды алаңға айналды.
       Нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды Бас әскери прокуратурасы жеңіп алды. Екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті командасы иеленсе, үздік үштікті Ұлытау облысы прокуратурасы түйіндеді.
       Гир көтеру бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен — Бас көлік прокуратурасының қызметкері. Арқан тартыс сайысында мықтылығын дәлелдеген —  Жетісу облысының командасы. 400 метрлік эстафетада шапшаңдығымен көзге түскен —  Бас әскери прокуратурасы.
       1000 метр жүгіруден ерлер арасында бірінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілі иеленсе, әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден жеңіске Бас әскери прокуратурасы жетті.
       Қол күрес бойынша 70кг-ға дейін жеңіс Қостанай облысы   командасына бұйырды, ал 70кг-нан жоғары Алматы қаласы  командасы жеңіске жетті.
       Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар, дипломдар мен кубоктар табысталды.
       Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл дәстүрлі жарыс алдағы жылдары да жалғасын табатынын атап өтті.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы