Аудан прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті потрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен түрде жол көлік оқиғаларының алдын алу және екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу жол қозғалысы ережерін сақтау мәселесі бойынша рейдтік іс шара өткізілді.
Жол жүрісі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Аудан аумағында өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 51– пайызға, жарақат алғандардың үлесі 61 пайызға артқан.
Қазіргі таңда жол көлік оқиғаларының жиілеуі қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда.
Сондықтан да жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға,көлік тізгіндеген адам өзінің өміріне ғана емес, көлік ішіндегі адамдардың тағдырына да жауапты екенін ұмытпаған жөн.
Шымкент қаласының прокуратурасы