Полиция департаментіне шығу арқылы өткізілген көшпелі алқада қала прокуроры тергеушілер мен анықтаушыларға күдіктіден жауап алу кезінде қылмыс жасауға не себеп болғанын жан-жақты анықтауды тапсырған болатын.
Осы тапсырманы іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы аудандық полицияның тергеушілері мен анықтаушыларының және олардың тікелей басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиналыста тапсырмаға сәйкес тергеу сапасын арттыру мен дәлелдерді объективті жинау, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуде бірқатар тапсырмалар берілді.
Осылайша алынған ақпаратты талдау құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтардың себептері мен жасалу шарттарын тереңірек түсінуге және олардың алдын алудың тиімді стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының прокуратурасы заңдылық қағидаттарын, азаматтардың құқықтарын қорғауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін ұстанады. Бұл бастама құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және өңірдегі қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған.
Шымкент қаласының прокуратурасы