Шымкентте коммуналдық қызметшілер тазалап қана қоймай, қорғайды!

Шымкентте коммуналдық қызметшілер тазалап қана қоймай, қорғайды!

        Шымкентте «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы аясында коммуналдық қызметкерлер тазалықты қамтамасыз етумен қатар құқық бұзушыларды әшкерелеп, полицияға тапсырады.
       Өткен кезеңде 3000 коммуналдық қызметкер нашақорлық туралы 6000-нан астам хабарландырулар мен граффити суреттерін жойды, полицияға 2000-ға жуық хабарлама түсіп, 1451 факті ақпараттық есепке алу кітабына тіркелді.
       Есірткі жарнамасы мен заңсыз электронды (вейптерді) темекіні сатуға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.
       1 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды (ҚР ҚК 301-1-бабының 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл).
       Түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 1555 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
       Нашақорлықпен күресу – бүкіл қоғамның алдында тұрған міндет. Біз күшімізді біріктіру арқылы ғана балаларымыздың салауатты және қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы