Ұрлық та, ұлылық та – тәрбиеден

Ұрлық та, ұлылық та – тәрбиеден

       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес ұрлық қылмысы үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
       Ағымдағы жылы ұрлық жасаған 137 адам құрықталса, оның ішінде 30-ы әйел, 18-і кәмелетке толмағандар. Қалғаны ер азаматтар. Оның басым бөлігі 18 бен 29 жастағылар. 
       Оңай жолмен ақша табуды көздегендердің көпшілігі ашық жерде қараусыз қалған бөтеннің мүлкін жымқыратыны мәлім.
       Мысалы осы жылы Әл-Фараби ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы мопедін ашық жерде қалдырып кетуінен, оның мүлкі ұрланған.
       Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2 күдікті құрықталып, қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.
       Қазіргі уақытта қылмыстық іс қаралу сатысында.
       Осыған ұқсас жыл басынан 9 факті тіркеліп отыр.     
       Сондықтан қала прокуратурасы қала тұрғындары мен қонақтарына өздерінің мүліктеріне ұқыпты болуды, қараусыз қалдырмау қажеттігін назарға салады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы