Балалар - біздің болашағымыз.
Алимент өндіру әлеуметтік маңыздылығы жоғары атқарушылық іс жүргізулер санатына жатуына байланысты олардың орындалуы әрдайым прокуратураның қадағалауында.
Алимент төлемегені үшін жалпы 1562 борышкер әкімшілік және 80 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Шымкент қаласының прокуратурасы алимент төлемегені үшін 5 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.
Балаларға қамқорлық жасау - ата-ананың етене міндеті!
#Заң_мен_Тәртіп
Шымкент қаласының прокуратурасы