Алқа отырысында Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма басшысы Қантөре Хандиллаев баяндама жасап, онда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың көбеюіне қатысты алаңдатарлық статистиканы атап өтіп және құқық қорғау органдарының жұмысындағы орын алып жатқан жүйелі проблемаларға тоқталды.
- қорғау нұсқамаларының орындалуын формальды түрде бақылау;
- істерді тергеп-тексеру кезіндегі процессуалдық заң бұзушылықтар;
- аудандардағы құқықтық тәжірибенің әртүрлілігі;
- дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз жұмыстары.
Өз кезегінде қала прокуроры тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін тергеуде қадағалауды күшейтуді, полиция департаментіне қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды.
Шымкент қалалық прокуратурасы