Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында адам саудасы бойынша айыпталған «З» азаматшаға қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралуда (ҚР ҚК 128-бабы 3-бөлігі).
Тергеу мәліметтеріне сәйкес айыпталушы 2016 жылдан бастап айыпталушы белгісіз адамдармен бірге Қазақстан азаматтарын Бахрейн Корольдігіне жұмысқа орналастыру желеуімен алдап, шетелге жөнелткен.
Жәбірленушілердің арасында қаржылық қиындыққа тап болған әйелдер де болған. Олар жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылғанына сенген.
Алайда, Бахрейнге жеткен соң, олардың құжаттары алынып, қозғалысы шектеліп, жәбірленушілер жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрленген.
Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше жәбірленуші құтқарылып, елге қайтарылды.
Бұған дейін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 23 адамға қатысты үкімдер шығарылған.
Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.
Шымкент қаласының прокуратурасы