Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялау аясында қала прокуроры Ғабит Мұқанов қаланың өндірістік кәсіпорындарына барды.
Жұмыс сапары өңірдегі ірі инвесторлардың бірі - құны 58,9 млрд теңгеден асатын алюминий қаптамаларын өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан «QazAlpack» ЖШС-ға барудан басталды.
Зауыт жеңіл металдардан орау материалдарын шығарады, жобаның қуаттылығы жылына 2,3 млрд дананы құрайды (қақпағы бар алюминий банкалар) және 450 жұмыс орнын қамтиды.
Сонымен бірге прокурор еңбек жағдайымен танысты, ұжыммен әңгімелесті, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында инвестор инженерлер, реттеушілер, технологтар, KPI және т.б. сияқты білікті мамандарға сұраныстың бар екенін айтты.
Осы тұрғыда түлектерді мамандықтарына сәйкес ірі өндірістік кәсіпорындарға жіберу туралы меморандум жасау негізінде келісімге қол жеткізілді.
Қала прокуроры өз сапарының қорытындысында, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда екенін, прокуратура органы инвесторларға құқықтық қолдау көрсететінін, барлық қажетті құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтауға көмектесу түріндегі белсенді жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 Г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласа алады.
Шымкент қаласының прокуратурасы