Шымкентте аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған адам сотқа берілді

Шымкентте аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған адам  сотқа берілді

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.   

Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллионнан астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын  қанағаттандырды.   

Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару).

«A» ЖШС-ның басшысы сенімсіз жеткізушілермен формальді мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

          

Шымкент қаласының прокуратурасы