Шымкент қаласының прокуратурасы зейнетақы заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік кодекстің жаңа ережелері қолданысқа енгізілді, оларға сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлердің табысының 1,5% көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлеуге міндетті.
Алайда талдау көрсеткендей көптеген жұмыс берушілер бұл құқықтық нормаларды сақтамаған, атап айтқанда 220 компания зейнетақы қорына 720 қызметкерге міндетті жарналарды төлемеген.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жұмыс берушілер зейнетақы қорына 16 млн теңге жарналарын төледі.
Шымкент қаласының прокуратурасы