Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін пара алған тұлғалар сотқа берілді

Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін  пара алған тұлғалар сотқа берілді

Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі - халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бөлімінің басшысы міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда.

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс жасайтын медбикенің көмектесуі арқылы алынған.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы