Шымкент қаласының прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Шымкент қаласының прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде жазықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай,  жалған шот-фактура беру фактілері анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігінің 3)тармағымен (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында.

Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы