Қала прокуроры Афинада өткен 38-ші халықаралық есірткіге қарсы конференцияға қатысты

Қала прокуроры Афинада өткен 38-ші халықаралық  есірткіге қарсы конференцияға қатысты

Шымкент қаласының прокуроры Грекияда АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Грекия Республикасының Азаматтарды қорғау министрлігі ұйымдастырған есірткіге қарсы күрес жөніндегі 38-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияға (IDEC) қатысты.

Бұл шараның мақсаты - жаһандық қылмыстық есірткі желілерімен күресу үшін серіктестікті кеңейту.

130-дан астам елдің есірткіге қарсы күрес жөніндегі жүздеген жоғары лауазымды шенеуніктері халықаралық ынтымақтастықты арттырудың инновациялық жолдарын талқылады.

Шара барысында қала прокуроры АҚШ-тың Таяу Шығыс және Африка бойынша есірткіге қарсы күрес басқармасының аймақтық директоры Джейсон Шумахермен кездесті, сондай-ақ Түркия, Корея, Қырғызстан, Әзірбайжан және Украина елдерінің делегацияларымен есірткі қылмысымен күресте тәжірибе алмасу, өз ара көмек көрсету және озық тәжірибені зерделеу мақсатында кездесулер жүргізілді.

Прокуратураның конференцияға қатысуы осы санаттағы қылмыстармен күресуге бағытталған пәрменді шараларды күшейту үшін үлкен маңызы бар.

Оның үстіне бүгінде Шымкент қаласының прокуратурасы АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.

Атап айтқанда, қылмыстық істер бойынша жедел деректер мен сұрау салуларға жауаптарды жедел алу мүмкін болды, бұл қылмыстың ашылуының өсуіне айтарлықтай әсер етеді.

Заңсыз есірткі тасымалы шекараларды білмейді және әр ел үшін ең маңызды мәселе болып қала береді.

Тек бірігу арқылы ғана біз есірткі қылмысына қарсы тұра аламыз!

 

Шымкент қаласының прокуратурасы