Әкімдік 2 ай бойы жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдамаған

Әкімдік 2 ай бойы жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдамаған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың проблемаларын тиімді шешуге бағытталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы 150-ден астам жұмыс орнын ашып, құны 3,2 млрд теңгеден асатын кондитерлік зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан түрік инвесторының құқығын қорғады.

Атап айтқанда, 2 ай бойы әкімдік индустриялық аймақтың қатысушысына жер бөлу туралы шешім қабылдамаған, бұл бекітілген кесте бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажет инвестордың техникалық шарттар мен басқа да құжаттарды алуына кедергі болған.   

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес әкімдік жер учаскесін бөлу туралы қаулы шығарды.

Сондай-ақ инвесторға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және эскиздік жобаны алуға көмек көрсетілді.

Кінәлі лауазымды тұлға - Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік инвесторлардың сигналдарына жедел шара қолдану мақсатында қала прокуратурасының алаңында Фронт-офис құрылып, Мобильді топ тәулік бойы жұмыс атқаруда (байланыс телефоны 8-707-615-00-10).  

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы