Мобильді топтар құрылды

Мобильді топтар құрылды

Қала прокуратурасының бастамасымен қаланың әр ауданында аудан прокуратурасы, аудандық әкімдік, полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды.
Мобилді топтардың басты мақсаты дәрілік препараттарды заңсыз алып сату, жоғары бағада өткізу деректеріне, сонымен қатар, кәсіпкерлермен карантин режимін бұзу фактілерін анықтау және оларға шара қолдану болып табылады.
Бүгінгі күнге аталған топтармен шектеу талаптарын бұзудың 159 жәйты анықталды (көпшілігі белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеген), атап айтқанда: 75 - дүкен, 33-дәмхана,20-көлік жуу,6 – ойынхана,4-түнгі клуб , 3-дәріхана,1-базар, 1-сауда үйі, 1-демалыс орны, 5 – монша, 2- бильярд, 1- шаштараз, 1 – ТЖО.
Мысалы, «Эврика» дүкенімен осы сауда үйіне іргелес аумақта электр тұрмыстық техниканың сатылуын ұйымдастырып, онда шамамен 200 келуші жиналған.
Карантин кезеңінде «Чехов Паб» дәмханасы (40 келуші), «Принц» бильярд клубы (30 келуші), «Жетысу» монша кешені (15 келуші) заңсыз қызмет көрсеткен. 
Ал «Шелби» түнгі клубының басшылығымен карантин режим талаптары өрескел бұзылып, бір апта ішінде заң бұзушылыққа жол берген. 
Қазіргі таңда карантин талаптарын сақтамау фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен 91 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 347 570 теңге айыппұл салынды.
Қалған құжаттар уәкілетті органының қарауында.
Сонымен қатар, мобильдік топтар дәріханалардың дәрілерді белгіленген бағадан қымбат сатудың барлығы 106 дерегін анықтады (ӘҚБтК-нің 424 б.1 б. – 7; ст. 426 б.1б. – 45; 426 б.3 б.– 4), жалпы сомасы 9 млн. теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 67 кінәлі тартылды.
Мысалы, «Ацикловир-Акос» дәрілік препаратының сату бағасы 189 теңге болып белгіленгенімен, қала дәріханаларында 500 теңгеге сатылған, сол сияқты, «Аскорбиновая кислота» (ампуладағы) бағасы 350 теңге болып белгіленгенімен 1770 теңгеге, парацетамол -150 теңгеге сатылған(тұрақты бағасы 34 теңгеден аспауы қажет).
64 дана рұқсат етілмеген дәрілік препараттар жою мақсатында сот қаулысымен тәркіленді.
Рейдтер кезеңінде айналымнан 22 мыңнан астам дәрілік препараттар шығарылып, денсаулық сақтау басқармасына өткізілді.
Гагарин көшесі бойындағы дәріханада мемлекет аумағында сатылуға рұқсаты жоқ дәрілік препараттарды сату дерегі анықталып, жалпы 90 қорапша «Ванкомицин Эльфа», 5 қорапша «Кутлу» дәрілік препараттары алынды.
Бұдан бөлек, қала прокуратурасы экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп антисептикалық өнім өндірумен айналысатын жасырын цех қызметін тоқтатты. 
Жедел іс шаралар барысында тауарлардың жарамдылық мерзімдерін өзгертуге арналған құрылғылар, 9 мың орам жарамдылық мерзімі өткен «Суприма-Лор» дәрілік препараттары, алюминий қақпақтарды жабуға арналған жабдықтар, 230 000 бос шыны бөтелкелері (көлемі 50 мл ертіндіге арналған ыдыс), 350 литр дезинфекциялық ерітінді алынды.
Көрсетілген деректер бойынша іс-құжаттар уәкілетті органға кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін шешу үшін жолданды.
Дəрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сату əрекеттеріне «DariKZ» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің колл-орталығына 109 жəне 1439 нөмірлері арқылы хабарлауға болады. 
Уəкілетті орган тарапынан шара қабылдамау фактілері бойынша қала прокуратурасына 53-91-84 сенім телефонына қоңырау шалу мүмкіндігі бар.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.