Тексеру нәтижесі бойынша Шымкентте 1004 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Тексеру нәтижесі бойынша Шымкентте 1004 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Шымкент қаласының прокуратурасы ветеринария заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша өрескел бұзушылықтар анықталды, оның ішінде ветеринариялық қорытындылардың болмауы, зертханалық үй-жайлардың толық еместігі, сараптамаларды формальді түрде жүргізу, актілер шығару, материалдарды сақтау кезінде температуралық режимді сақтамау, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу.

Ветеринариялық-санитариялық зертханаларға қатысты қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406, 419, 425-баптарымен 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 5,4 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қайталап өткізу тәжірибесін тоқтату арқылы 1004 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның 6 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы