Шымкент қаласының тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды

Шымкент қаласының тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат «C» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот талқылауы барысында азамат «C» «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды.

5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шымкент қаласының прокуратурасы