Шымкент қаласының прокуратурасы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Дәстүр және заң: қызды ұрлауға жол бермеу» тақырыбында кездесу өткізді

Шымкент қаласының прокуратурасы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Дәстүр және заң: қызды ұрлауға жол бермеу» тақырыбында кездесу өткізді

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қалалық адам мен бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, белсенділер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәдениет және дін саласындағы қызметкерлер, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшылары қатысты.

Қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойғанын атап өтті. Енді ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жаза емес, қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлері әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау, олардың абыройы мен құқықтарын құрметтеу әр азаматтың міндеті екенін түсіндірді.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар осы құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты өз ұсыныстарын айтып, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысатынын атап өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы