Әлеуетті өнім берушілердің құқықтары қорғалды

Әлеуетті өнім берушілердің құқықтары қорғалды

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауының нәтижесінде Шымкент қаласының көшелерін күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын қиындататын фактілер анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұза отырып, жоғары талаптар белгіленген.

Тапсырыс берушілер сметалық құжаттамада көзделмеген көліктер мен жабдықтардың, қосымша еңбек ресурстарының және жұмыс тәжірибесінің болуы туралы заңсыз талаптарды белгілегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар жойылып конкурстық құжаттамалар қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келтірілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы