Жұмыскерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жұмыскерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт ғимараттары дирекциясы» МКҚК-ның 203 қызметкердің алдында 24 млн. теңге сомасында жалақы бойынша қарызы анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері қала прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы