Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер сотталды

Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер сотталды

Сот үкімімен кәмелетке толмаған ұлы мен қызын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған борышкер сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.

Оның алимент берешегі 5,4 миллион теңгеден асып, балалары іс жүзінде күнкөріссіз қалған.

Прокуратураның актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғап, сотқа жіберді.

Сонымен қатар өткен кезеңде прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 47 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 борышкерге қатысты үкімдер шығарылды, жазалар тағайындалды, 52 млн. теңгеге алимент берешегі өндірілді.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауптылық қарастырылғанын ескертеді.

Балаларға қамқорлық жасау - ата-ананың етене міндеті!

 

Шымкент қаласының прокуратурасы