Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады

Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады

Шымкент қаласы Енбекші ауданы прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстарының  нәтижесінде Шымкент қаласы Білім басқармасына  (бұдан әрі – Басқарма) ас мәзірді заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы ұсыну енгізді.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 32-бабына сәйкес прокурорлық қадағалау актілері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қарауы және орындауы үшін міндетті.

Алайда Басқарманың жауапты қызмекері прокурордың ұсынуын тиісінше қарамағаны анықталды.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы Басқарманың жауапты қызмекерін заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 664-бабымен  айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Осылайша мектептерде ас мәзірі заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, 80 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.

 Еңбекші ауданының прокуратурасы