«SHYMKENT» ӘКК-ге шамамен 105 млн. теңге айыппұл салынды

«SHYMKENT» ӘКК-ге шамамен 105 млн. теңге айыппұл салынды

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша  «SHYMKENT» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 105 миллион теңге айыппұл салынды.

Яғни, ӘКК кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әртүрлі пайыздық айыппұлдар қолданғаны анықталды.

Мысалы, ЖШС-нің бірімен бірлескен қызмет туралы жасалған келісімге сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ӘКК 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеген, ал осыған ұқсас бұзушылықтар үшін  басқа ЖШС-ге 5% қолданылған.

Айтарлықтай айырмашылық пен әртүрлі шарттардың талаптарын қолдану кәсіпкерлердің құқығын өрескел бұзған.

Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің басқа тұлғалардың заңды құқықтарын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘКК кінәлі деп тауып, 104,7 млн. теңге айыппұл салды (нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы).

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 Шымкент қаласының прокуратурасы