
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуына сүйемелдеу жасайды.
Шымкент қаласында «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақтың аумағында (бұдан әрі - АЭА) 143,8 млрд. теңгені құрайтын 60 жоба орналасқан.
Прокурорлардың инвесторлармен кезекті кездесуінде АЭА инженерлік инфрақұрылымының сәйкес келмеуі, яғни су құбырлары мен электр желілерін жөндеу қажеттілігі туралы мәселелер айтылған.
Инфрақұрылымды жөндеуге және жаңартуға қаржыландыру бөлінбеген.
Бұл жұмыс істеп тұрған 35 инвестициялық жобаға электр қуаты мен сумен жабдықтаудың үзілуіне әкелуі мүмкін болған.
Қала прокуратурасы қалыптасқан жағдайды және бар тәуекелдерді талдап, әкімдікке ұсыныс енгізді, оның қаралу нәтижесінде тозығы жеткен инженерлік жүйелерді жөндеуге 122,4 млн.теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта инженерлік жүйелерді жөндеуге конкурс жарияланды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары прокуратура органдары басшылығының тұрақты бақылауында.
Инвесторлар егерде өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +7751112542 телефонына немесе Шымкент қаласы прокуратурасының Фронт-офисіне (Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 97) хабарласа алады.
Шымкент қаласының прокуратурасы